"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Қоғам / «Рухани тәрбиені дамытудың жолдары» атты семинар

«Рухани тәрбиені дамытудың жолдары» атты семинар

Мемлекет - отбасыдан басталатынын және бiздiң қоғамда негiзгi отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңыздылығына ерекше назар аударып Мемлекет басшысының Жарлығымен Отбасы күні елімізде қыркүйек айының екiншi жексенбiсiнде аталып өтiп келеді. Осы орайда Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Мойынқұм ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің  «Отбасы институтын нығайту және отбасылық құндылықтарды насихаттау бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбындағы әлеуметтік жобасы аясында аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Рухани тәрбиені дамытудың жолдары» тақырыбындағы семинар өтті. Семинарға аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Несіпбаева Жанар Қызырәліқызы, аналар кеңесінің төрайымы Шубаева Ғалия, Жамбыл облысы оқу ағарту ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының Мойынқұм аудандық комитетінің төрағасы Махамедов Бахтияр, Жамбыл облысының білікті психологы Исақұлова Марал Хантөреқызы, БАҚ өкілдері қатысты. Семинарда Мыңарал ауылының үлгілі отбасы үлгісін көрсете білген Алпысбаевтар әулеті, Сейсенбековтар әулеті, Ашировтар әулеті аудан әкімінің алғыс хаттарымен жарияланды.

joomla 3.5