«Бақытты балалық шақ» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.
Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Мойынқұм ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Отбасы институтын нығайту және отбасылық құндылықтарды насихаттау бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбындағы әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Жоба аясында Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылында «Бақытты балалық шақ» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді. Тренингке 20-дан аса жастар мен ауыл тұрғындары, жаттықтырушылар мен спортшылар қатысты. Тренингке Тараз қаласынан арнайы “Сенімен Болашақ” Республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының психологы Рахымбердиева Шолпан Мұратқызы шақырылды. Шолпан Мұратқызы қатысушыларға отбасының қоғамдағы ролі, жастардың қоғамдағы ролі, кризистік жағдайдан шығу, ата-ана мен баланың арасындағы байланыс туралы ақпараттармен бөлісіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Тренинг соңында сұрақтар қойылып, кері байланыс орнатылды.