"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Қоғам / «Бақытты отбасының кілті» атты ой толғау

«Бақытты отбасының кілті» атты ой толғау

Мойынқұм ауданының шалғай орналасқан Мыңарал және Шығанақ ауылдарында Отбасы күніне орай мәдени шара өтті. Шараға ауыл тұрғындары, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Несіпбаева Жанар Қызырәліқызы, аналар кеңесінің төрайымы Шубаева Ғалия, Жамбыл облысы оқу ағарту ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының Мойынқұм аудандық комитетінің төрағасы Махамедов Бахтияр, Жамбыл облысының білікті психологы Исақұлова Марал Хантөреқызы, БАҚ өкілдері қатысты. Арнайы шақырылған қонақтар құттықтау сөздерін арнап, шараны ашқан соң психолог маман «Бақытты отбасының кілті» тақырыбындағы ой толғау өткізіп, пікір бөлісті. Әр адам өз өміріне өзгерістер енгізу, отбасындағы кризистик жағдайларды шешу мәселелері, жетістікке жету жолдары жайында тұщымды идеялар айтылды. Семинардың жалғасын концерттік бағдарлама жалғады. Ауылдардың жас өнерпаздары ән салып, би биледі. Іс-шара аясында бірнеше отбасы аудан әкімінің алғыс хаты мен бағалы сыйлықтар иеленді.

 

joomla 3.5