"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Қоғам / Қиын өмірлік жағдайлардағы халықтың осал топтары бар мамандардың алгоритмі дайындалды

Қиын өмірлік жағдайлардағы халықтың осал топтары бар мамандардың алгоритмі дайындалды

"Жаңа-Ру" жастар коалициясы "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ гранты аясында қиын өмірлік жағдайлардағы халықтың осал топтары бар мамандардың алгоритмін әзірледі. Өмірлік қиын жағдай адам өмірінің өту барысындағы тәртіптердің бұзылуынан және оларды қалыптасқан әрекеттермен шеше алмауынан пайда болады. Азамат өздігінен жоғалтқан әлеуметтік мәртебесін қайта қалпына келтіруі қиын екендігін түсінген жағдайда, мемлекеттік әлеуметтік қызметтер ұсыну орталықтарының  көмегіне жүгінуіне болады. Өмірлік қиын жағдайда қалған азаматқа жедел әлеуметтік көмек және қолдау көрсетіледі. Орталыққа өмірлік қиын жағдайда қалған азаматтар өз еркімен, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың (астананың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, емдеу мекемелері, ішкі істер саласындағы уәкілетті органдардың (полиция қызметкерінің баянаты, түзету мекемелерінен, пробациялық қызмет) жолдамалары бойынша қабылданады. 

Осы жоғарыда ұсынылатын қызметтер нәтижесінде өмірлік қиын жағдайда қалған азаматтар төмендегіше әлеуметтендірілген болып саналады.

1)    Денсаулығында шағымы жоқ, жұмыс істеуге қабілетті азамат жоғалған құжаттарын қалпына келтіргенен соң «Еңбек мобильдігі орталығы» филиалы Мансаптық орталық арқылы жұмысқа орналасып, Орталықта тұрған кезеңінде өмір сүруге жеткілікті қаражат жинайтын болады. Әрі қарай, азамат өз қаражаты есебінен пәтер жалдап,  өздігінен қалыпты өмір сүруі тиіс.

2)    Денсаулығына әр түрлі факторлалдың салдарынан өз-өзіне қамқорлық жасай алмайтын жағдайдағы және әр түрлі денсаулығына қойылған диагноздардың салдарынан І, ІІ топ мүгедектігі анықталған азаматтар Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталықтарына (Қарттар үйі) орналастырылатын болады.

3)    ІІІ топ мүгедектігі берілген азаматтар Еңбек мобильдігі орталығы» филиалы Мансаптық орталық арқылы денсаулық жағдайына сәйкес жұмысқа орналасып, қосымша табыс табады және тапқан қаражатын жинап пәтер жалдап қоғамға қайта қосылады.

4)    Зейнет жасындағы азаматтар мен азаматшалар құжаттары қалпына келтірілген соң Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталықтарына (Қарттар үйі) орналастырылады.

joomla 3.5