"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Қоғам / Ақтөбе қаласында құқықтық білім беру семинарлары өтті

Ақтөбе қаласында құқықтық білім беру семинарлары өтті

“Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы” КЕАҚ қолдауымен «Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында өз саласының білікті заңгерлерінің қатысуымен 2024 жылдың 7-8 қараша күндері Ақтөбе қаласында «Өз құқығыңды біл» тақырыбында семинарын ұйымдастырды.
«Семинар мақсаты - халықтың әлеуметтік мұқтаж топтарына және басқа да азаматтарға құқықтық көмек көрсету. Құқықтық ағарту, әсіресе мұқтаждар арасында құқықтық мемлекетті нығайтуға қызмет ететін болады», деді Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі заңгері Серікбол Қайратұлы.
Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді әдісі болып табылады. Семинар құқықтық көмекті неғұрлым ауқымды түрде ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Семинарға қатысушылар өз сұрағын қойып, оны заңгерлерден жауаптарын алды.

joomla 3.5