Таразда 150 адам қатысқан құқықтық семинар өтті
ҚР құқықтық саясат тұжырымдамасына сәйкес 2030 жылға дейін азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелері өзекті болып қала береді. Конституцияда белгіленген негізгі құндылықтарға сәйкес құқықтық сауаттылықты арттыру, азаматтарда құқықтық әлеуметтік белсенді мінез-құлықты қалыптастыру мақсатында құқықтық насихат пен құқықтық біліммен байланысты жоспарлы жұмысты жалғастыру қажет. Сондай-ақ, Азаматтық қоғамды дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасында демократия жағдайында азаматтық қоғамды толыққанды қалыптастыру мен дамыту шарттарының бірі азаматтардың өз құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, сақтау және қорғау мүмкіндіктері мен тетіктерінің болуы, сондай-ақ мемлекеттің адам мен азаматтың құқықтарын жоғары құндылық ретінде тануы және қорғауы болып табылатыны атап өтіледі.
"Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ қолдауымен «Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында өз саласының білікті заңгерлерінің қатысуымен 2024 жылдың 31 қазан күні Тараз қаласы, Тараз өңірлік университетінің мәжіліс залында «Өз құқығыңды біл» тақырыбында семинарын ұйымдастырды. Семинарға 100-ден астам адам қатысты.Тұрғындар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауаптарын алды.