Астанада құқықтық семинар өтті
«Құқығыңды білу міндет» жобасының «Өз құқығыңды біл» асеминарлары тұрғындардың құқықтық білімін арттыруға бағытталған. Жоба «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен жүзеге асуда.
2024 жылдың 20 қарашасында жоба заңгерлері Астана қаласы тұрғындарына құқықтық білім берді. Заңгер Серікбол Қайратұлы «Азаматтардың түрлі сауалдары бар. Біреу азаматтық, біреу қылмыстық іс бойынша ақылдасқысы келеді. Біреу – тұрғын үй заңнамасы бойынша, біреу – еңбек, банк, жер, салық бойынша. Біреулерді отбасы мен неке мәселелері қызықтырады, басқалары мұрагерлік, жылжымайтын мүлік, айыппұлдар, несие беру, кибербуллинг және т.б. Көбінесе адамдар құқықтық жанжал туындаған жағдайда өзін қалай қорғау керектігін, неден бастау керектігін білмейді және бұл жерде «Өз құқығыңды біл» семинары өте тиімді болды» дейді.