Нашақорлықтың алдын алу бойынша Қ.Сұлтанбеков атындағы орта мектебінде кездесу өтті
Көкдөнен ауылы, Қ.Сұлтанбеков атындағы орта мектебінде Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған ақпараттық кездесу өтті. Шара “Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-шаралар ұйымдастыру” жобасы аясында өткізілді.
Спикер ретінде «Сенімен – Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің психологы Шолпан Рахымбердиева сөз алып, жасөспірімдермен еркін форматта әңгімелесті. Ол есірткінің адам денсаулығына және психикасына тигізетін кері әсерлерін түсіндіріп, салауатты өмір салтын насихаттады.
Жастарды зиянды әдеттерден аулық болуға, оның адам өміріндегі кері әсерлені жайында ақпарат берілді. Адам денсаулығының маңызы жайында сауаттылықты арттыру жайлы сөз қозғалды. Кездесу барысында оқушылар белсенділік танытып, өз ойларын еркін білдіріп, психологқа жеке сұрақтар қойды. Бұл шара оқушылардың сенімді түрде пікір алмасуына мүмкіндік беріп, олардың саналы таңдау жасауына бағыт-бағдар берді. Кездесу, әсіресе жоғары сынып оқушылары үшін пайдалы әрі маңызды өтті.