"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Қоғам / Ақтоған орта мектебінде нашақорлықтың алдын алу бойынша кездесу өтті

Ақтоған орта мектебінде нашақорлықтың алдын алу бойынша кездесу өтті

 Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Жоба аясында Т.Рысқұлов ауданы, Көгершін ауылы, Ақтоған орта мектебінде нашақорлықтың алдын алу шарасы өтті. 

Іс-шараға “Сенімен-Болашақ” Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің психологы Шолпан Рахымбердиева қатысып, жасөспірімдердің психологиялық саулығы, зиянды әдеттердің психикаға әсері, отбасылық құндылықтар жөнінде кеңінен айтып өтті.  Психолог нашақорлықтың психикалық және физиологиялық зияны, оның жеке тұлғаның дамуына, отбасылық қарым-қатынасқа және оқу үлгеріміне кері әсері туралы кеңінен баяндады. Сонымен қатар, ол жастардың ішкі күйзеліске түсу себептері, эмоцияны басқару және психологиялық тұрақтылықты қалыптастыру жолдары жайлы практикалық кеңестер берді.

Кездесу барысында оқушылар белсенділік танытып, түрлі сұрақтар қойып, нашақорлыққа қатысты нақты әрі пайдалы жауаптар алды. Шара соңында жастарды есірткіден алыс болуға, дұрыс таңдау жасап өмірлеріне жауапкершілікпен қарауға үндеу жасалды.

 

joomla 3.5