"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Қоғам / Құлан ауылында нашақорлықтың зардабы туралы кездесу өткізілді

Құлан ауылында нашақорлықтың зардабы туралы кездесу өткізілді

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс шаралар ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылындағы Құлан мектеп-гимназиясында өткен іс-шара да аталмыш жобаның маңызды бір бөлігіне айналды. Іс-шараға Шолпан Рахымбердиева қатысып, жасөспірімдерге мотивациялық бағыттағы тренинг өткізді.

Кездесу барысында қатысушылар есірткіге тәуелділіктің салдары мен одан сақтану жолдары туралы терең ақпарат алды. Сонымен қатар, дұрыс орта мен отбасылық қолдаудың маңыздылығы да қозғалды. 

Іс-шара интерактивті сипатта өтті – оқушылар спикермен ашық диалогқа түсіп, пікір алмасты. Бұл шара жастардың өз болашағына деген көзқарасын қалыптастыруға үлкен сеп болды. Іс-шара соңында Шолпан Рахымбердиева жастарды өз болашағына бейжай қарамауға, өмірде кездесетін қиындықтарға қарсы тұра алатын табанды тұлға болуға шақырды. Сонымен қатар, есірткі сияқты зиянды әдеттерден аулақ болу үшін ішкі тәртіп пен дұрыс ортаның маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

joomla 3.5