"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Қоғам / Нашақорлыққа қарсы Ә.Бөкейханов атындағы орта мектебінде кездесу өтті

Нашақорлыққа қарсы Ә.Бөкейханов атындағы орта мектебінде кездесу өтті

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс шаралар ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Жоба аясында Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Ә.Бөкейханов атындағы орта мектебінде нашақорлықтың алдын алу мақсатында ақпараттық кездесу өтті. Тараз қалалық маслихатының депутаты Лесбек Азамат өз сөзінде жастар тәрбиесінде отбасының, білімнің және дұрыс орта таңдаудың маңыздылығына тоқталып, есірткінің адам өміріне әкелетін зиянды салдарын нақты мысалдармен түсіндіріп өтті. Ол нашақорлықтың тек жеке адамға ғана емес, бүкіл қоғамға кері әсер ететінін, бұл дерттің алдын алу үшін әрбір жас өзін-өзі тәрбиелеуге, дұрыс таңдау жасауға ұмтылуы қажет екенін ерекше атап өтті. Сондай-ақ, елімізде жастарға жасалып отырған мүмкіндіктер жайлы айтып, пайдалы істерге бағытталған жастардың белсенділігі қоғамның болашағына тікелей ықпал ететінін жеткізді.

Кездесуде депутат жастармен ашық сұхбат құрып, құқықтық сауаттылық, салауатты өмір салты, және қоғамдағы белсенділіктің маңыздылығы туралы ой бөлісті.  Есірткінің заң тұрғысынан жауапкершілігі, оның ауыр салдары мен қылмыстық жаза түрлері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Оқушылар өздерін қызықтырған тақырыптар төңірегінде сұрақтар қойып, тұшымды жауаптар алды. Бұл іс-шара жасөспірімдерге өз болашағына байыппен қарау қажеттігін түсіндіріп, азаматтық жауапкершілікті арттыруға бағытталды.

joomla 3.5