"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Қоғам / Отбасы институтын нығайту бойынша психолог маманмен кездесу

Отбасы институтын нығайту бойынша психолог маманмен кездесу

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында жүзеге асып жатқан «Отбасы институтын нығайту бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» жобасы бойынша кезекті кездесу Ә.Бөкейханов атындағы орта мектепте өтті. Іс-шараға арнайы шақырылған психолог маман — «Сенімен Болашақ» Республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілі Рахымбердиева Шолпан Мұратқызы жасөспірімдермен және мектеп ұжымымен маңызды кездесу өткізді. Шараға жоғары сынып оқушылары мен мұғалімдер қатысты.

Кездесу барысында спикер жасөспірімдерге отбасындағы эмоционалды қолдаудың маңыздылығын, ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынастың қалыптасуы, тұлғалық дамуда отбасының рөлін психологиялық тұрғыда түсіндірді. Шолпан Мұратқызы оқушыларға отбасылық қатынастарда кездесетін қиындықтарды шешу жолдарын, эмоцияны басқару, жанжал жағдайында сабыр сақтау сынды пайдалы кеңестер берді.

Тренинг формасында өткен кездесуде оқушылар белсенділік танытып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Психолог әрбір сұраққа жеке тоқталып, өмірлік мысалдар келтіре отырып, нақты әрі пайдалы жауаптар берді.

Кездесу достық, ашық және сенімді атмосферада өтті. Шара соңында оқушылар мен мұғалімдер отбасы құндылықтары бойынша өз ойларын ортаға салып, маман тарапынан берілген кеңестердің өмірлік маңызы зор екенін атап өтті.

joomla 3.5