"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Қоғам / Ш. Уәлиханов атындағы орта мектепте психологпен кездесу өткізілді

Ш. Уәлиханов атындағы орта мектепте психологпен кездесу өткізілді

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Отбасы институтын нығайту бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Жоба аясында Т.Рысқұлов ауданы, Ш. Уәлиханов атындағы орта мектепте де мазмұнды кездесу өтті. Психолог Әбдісаттар Ғалия Сағатқызы мектеп оқушыларымен және педагогтармен кездесе отырып, отбасы институтының жасөспірімнің психологиялық саулығына әсері, отбасылық қолдау және түсіністікке негізделген тәрбиенің артықшылықтары жөнінде кеңінен тоқталды.

Кездесу барысында қатысушылар ата-ана мен бала арасындағы эмоционалды байланыс, баланың өзін-өзі бағалауын қалыптастыру, сенімді орта құру мәселелерін талқылады. Психолог оқушыларды ашық диалогқа тарту арқылы олардың ішкі жан дүниесіне үңіліп, пайдалы практикалық кеңестер берді.

Шара мектеп ұжымының оң бағасына ие болып, оқушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды.

joomla 3.5