"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Қоғам / Оқушылармен отбасы институтын нығайту бойынша кездесу өткізілді

Оқушылармен отбасы институтын нығайту бойынша кездесу өткізілді

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Отбасы институтын нығайту бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда Т. Рысқұлов мектеп-лицейінде өткен кезекті іс-шара барысында психолог Әбдісаттар Ғалия Сағатқызы жасөспірімдердің отбасы ішіндегі рөлін ұғынуы, өзіндік бағасын арттыру және тұлғалық дамуына бағытталған мотивациялық тренинг өткізді.

Психолог отбасындағы эмоционалды қолдаудың бала дамуына әсерін тереңірек түсіндіре отырып, нақты әдістемелер мен өмірлік мысалдар арқылы оқушылардың санасына жеткізе білді. Әңгіме барысында отбасылық құндылықтар, сенімді қарым-қатынас, психологиялық денсаулықтың маңызы және күйзеліспен күресу тәсілдері сынды тақырыптар қозғалды.

Іс-шараға қатысушылар тренинг форматына бейімделіп, ашық сұхбатқа қатысты. Әрбір сұраққа психолог тарапынан нақты, тәжірибелік маңызы бар жауаптар берілді. Қатысушылар тарапынан кездесуге жоғары баға беріліп, осындай шаралардың маңыздылығы атап өтілді.

 

joomla 3.5