"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Қоғам / Этносаралық келісімді насихаттауға арналған кездесу

Этносаралық келісімді насихаттауға арналған кездесу

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі, Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің аудан тұрғындары арасында этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға және насихаттау тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобаны іске асыруда. Мемлекеттік әлеуметтік жоба аясында Каменка ауылындағы Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектепте этносаралық келісімді насихаттауға арналған кездесу ұйымдастырылды.

Шараға Жамбыл облыстық нотариаттық палатасының атқарушы директоры, тәжірибелі заңгер Өмірбеков Данияр Маратұлы қатысты. Өз сөзінде ол еліміздегі этностық алуан түрлілік – қоғамның байлығы екенін, ал келісім мен бейбіт өмір – баршамыздың ортақ құндылығымыз екенін атап өтті.

Заңгер жастарды өз құқықтарын білуге, қоғамдағы түрлі ұлт өкілдеріне құрметпен қарауға, келісім мен ынтымақтастықты сақтауға шақырды. Қатысушылардың сұрақтарына заң аясында нақты жауаптар беріліп, құқықтық кеңестер ұсынылды.

Шара барысында оқушылардың белсенділігі ерекше байқалды. Олар қоғамдағы достық пен бірлік туралы пікірлерімен бөлісті, бұл кездесудің тәрбиелік мәні зор болды.

joomla 3.5