"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Қоғам / Отбасы мен қоғам арасындағы байланыс

Отбасы мен қоғам арасындағы байланыс

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Отбасы институтын нығайту бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Аталған жоба аясында Құмарық ауылындағы Болтай батыр атындағы орта мектепте отбасы құндылықтарын дәріптеуге арналған кездесу өтті. Шараға мектептің  оқушылары мен ұстаздар қауымы қатысты. Кездесуге арнайы шақырылған қонақ – Жамбыл облыстық нотариаттық палатасының атқарушы директоры, заңгер Өмірбеков Данияр отбасы мен қоғам арасындағы байланыс, ата-ана мен бала қарым-қатынасы, жауапкершілік пен өзара сыйластық тақырыптарында терең әрі мазмұнды баяндама жасады.

Кездесу барысында қатысушылар өз көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, маман тарапынан нақты әрі пайдалы кеңестер алды. Сонымен қатар, қатысушылар арасында шағын пікірталас өтіп, онда отбасы институтын нығайтудың маңызы мен қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелер төңірегінде ашық ойлар ортаға салынды.

 

joomla 3.5