"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Қоғам / Спорттық іс-шара

Спорттық іс-шара

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі «Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде пробация қызметінің есебіндегі азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету және түсіндірме жұмыстарын жүргізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобаны жүзеге асыруда. Жобаның негізгі мақсаты – пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды қоғамға тиімді түрде қайта бейімдеу.

Жоба аясында пробация қызметінің есебіндегі азаматтар мен азаматшалар арасында спорттық іс-шара ұйымдастырылды. Бұл іс-шара тек қана салауатты өмір салтын насихаттауға ғана емес, сонымен қатар, қатысушылар арасында өзара байланыс пен сенімділік орнатуға, оларды қоғамдық өмірге тартуға бағытталды. Іс-шара барысында қатысушылар түрлі спорттық ойындарға белсене қатысты. Командалық жарыстар мен эстафеталар ұйымдастырылып, қатысушылардың белсенділігі мен ынтасы жоғары деңгейде болды. Мұндай форматтағы кездесулердің маңызы зор, себебі олар азаматтардың бойындағы сенімділікті арттырып, қоғамға кері оралудың оңтайлы жолдарын көрсете алады.

Шара соңында жеңімпаз командалар мен белсенді қатысушылар алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Қатысушылар өз ризашылықтарын білдіріп, мұндай шаралардың жиі өткізіліп тұруын қолдайтындарын жеткізді.

joomla 3.5