Т.Рысқұлов ауданында «Ұрпақтар сабақтастығы» атты спартакиада өтті
«Ұрпақтар сабақтастығы» атты спартакиада
Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен «Ардагерлерді қолдауға бағытталған кешенді іс-шаралар өткізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы шеңберінде «Komek.Demeu.kz» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Т.Рысқұлов ауданы Құлан ауылында қарттар мен ардагерлер арасында спартакиада ұйымдастырылды. Спартакида аясында 5 түрлі спорт түрінен жарыстар ұйымдастырылды. Олар шахмат, дойбы, асық ату, бильярд, ләйгі тебу спорттық ойындары. Жарыс жеңімпаздары ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтар табысталып естелік суретке түсті.