Т.Рысқұлов ауданының Ауған соғысы ардагерлерінТүркістан қаласына туристік сапары
Кеңес әскерлерінің шектелген контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылғанына 35 жылдығына орай Т.Рысқұлов ауданының Ауған соғысы ардагерлерінТүркістан қаласына туристік сапары
Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен «Ардагерлерді қолдауға бағытталған кешенді іс-шаралар өткізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы шеңберінде «Komek.Demeu.kz» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Кеңес әскерлерінің шектелген контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылғанына 35 жылдығына орай Түркістан қаласына экскурсия ұйымдастырылды. Екі күндік экскурсияға Т.Рысқұлов ауданының ауған соғысы ардагерлері қатыстырылды. Экскурсияға қатысқан ауданның ардагерлері екі күнге Құлан ауылынан Түркістан қаласына сапар шегіп, бірнеше тарихи, рухани кешендерді аралап қайтты. Атап айтсақ экскурсияның алғашқы күні ардагерлер Отырар қалашығы, Арыстанбаб кесенесіне, Керуен Сарайын және Түркістан қаласын аралап айтты. Экскурсияның екінші күні Қожа Ахмет Яссауи кесенесін аралап кері жолға шықты.