"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Қоғам / Креативті индустрияны дамытуға арналған гранттар

Креативті индустрияны дамытуға арналған гранттар

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Тараз қаласында креативті индустрияны дамытуға арналған қайтарымсыз гранттардың салтанатты марапаттау рәсімін өткізді.
Аталған жоба жастардың тың идеяларын қолдап, олардың креативті бастамаларын жүзеге асыруына мүмкіндік беруді көздейді. Жобаның ұйымдастырушысы – Тараз қалалық Жастар ресурстық орталығы.
Биылғы жылдың басында бастау алған бастама аясында 10 жеңімпаз жасқа бір миллион теңгеден грант табысталды. Бұл қаржы жастарға өз кәсібін ашуға, шығармашылық жобаларын жүзеге асыруға және жаңа мүмкіндіктерге жол ашуға бағытталған.
Шара барысында жеңімпаздар арнайы сертификаттармен марапатталып, жобаларын таныстырды. Сонымен қатар, шара әрмен қарай концерттік бағдарламамен жалғасты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жоба алдағы уақытта да жалғасын тауып, жастардың кәсіпкерлік әлеуетін арттыруға ықпал етпек.

joomla 3.5