Діни экстремизм – XXI ғасыр дерті
Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Мойынқұм ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Дәстүрлі емес діни ағымдарға қарсы иммунитетті қалыптастыру және алдын-алу» атты мемлекеттік әлеуметтік жоба аясында Мойынқұм ауданы, Ұланбел ауылында «Діни экстремизм – XXI ғасыр дерті» тақырыбында ақпараттық кездесу өткізді. Іс-шара ауыл әкімдігінің мәжіліс залында ұйымдастырылып, оған ауыл жастары, жоғары сынып оқушылары мен мұғалімдер қатысты. Аталған кездесудің басты мақсаты – жастар мен тұрғындар арасында діни экстремизмнің алдын алу, радикалды идеологияларға қарсы иммунитет қалыптастыру болды.
Шараға спикер ретінде “Абдықадыр” мешітінің бас имамы Құттыбаев Дәурен арнайы шақырылды. Өз баяндамасында ол XXI ғасырда жиі кездесетін діни алауыздықтар мен экстремистік көзқарастардың шығу себептерін, олардың жеке тұлға мен қоғамға әкелер зардаптарын тереңірек түсіндірді. Имам радикалды ағымдардың белгілері мен олардан сақтанудың нақты жолдарын көрсете отырып, дәстүрлі ислам мен жалған діни уағыздардың айырмашылығына баса назар аударды. Сонымен қатар, қазіргі таңда әлеуметтік желілер мен интернет кеңістігінде тарап жатқан жалған діни ақпараттарға сенбеу қажеттігін атап өтті.
Семинар барысында қатысушылар белсенділік танытып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Құттыбаев Дәурен әр сұраққа нақты әрі тұщымды жауап беріп, қатысушыларға пайдалы ақпарат ұсынды. Кездесу жастардың діни көзқарасын нығайтуға, дәстүрлі рухани құндылықтарға деген сенімін арттыруға және олардың діни сауаттылығын көтеруге ықпал етті. 
27 Маусым 2025
22
25 Қараша 2024