"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Қоғам / Дін және жастар

Дін және жастар

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Мойынқұм ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімімен бірлесе отырып, «Дәстүрлі емес діни ағымдарға қарсы иммунитетті қалыптастыру және алдын-алу» мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында Қылышбай ауылында «Дін және жастар» атты тренинг өткізді. Аталған шара Қылышбай ауылдық әкімдігінің мәжіліс залында ұйымдастырылып, оған ауылдың белсенді жастары, жоғары сынып оқушылары және мұғалімдер қатысты. Іс-шараның мақсаты – қоғамдағы діни экстремизм қаупін түсіндіру, жастар арасында рухани иммунитет қалыптастыру және дәстүрлі діни құндылықтарды насихаттау. Тренингке арнайы шақырылған спикер – «Абдықадыр» мешітінің бас имамы, тәжірибелі дін маманы Дәурен Құттыбаев. Ол өз сөзінде экстремизм мен радикализмнің қоғамға әкелер зардаптарын, олардың қалай таралатынын және жастардың оған қарсы тұру жолдарын кеңінен баяндап берді.

Имам дәстүрлі ислам мен жалған діни бағыттардың айырмашылығына терең тоқталып, әрбір азаматтың діни сауатты болуы – діни алауыздықтың алдын алудың басты кепілі екенін түсіндірді. Сонымен бірге, қазіргі таңда әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы тарап жатқан радикалды идеялардан сақтану керектігін айтып өтті. Кездесу сұрақ-жауап түрінде жалғасып, қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға тұшымды жауаптар берілді. Аталған шара ауыл жастары үшін пайдалы ақпарат көзіне айналды. Бұл кездесу олардың діни көзқарасын дұрыс қалыптастыруға, рухани тәрбиесін нығайтуға зор септігін тигізді.

 

joomla 3.5