"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Қоғам / Радикалды діни көзқарастың жеке тұлға мен қоғамға кері әсері жайлы

Радикалды діни көзқарастың жеке тұлға мен қоғамға кері әсері жайлы

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Мойынқұм ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Дәстүрлі емес діни ағымдарға қарсы иммунитетті қалыптастыру және алдын-алу» атты мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында Хантау ауылында «Радикалды діни көзқарастың жеке тұлға мен қоғамға кері әсері» атты ақпараттық кездесу өткізілді. Кездесу ауыл әкімдігінің мәжіліс залында өтті. Оған ауыл жастары, мектеп мұғалімдері мен жоғары сынып оқушылары қатысты. Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында діни тұрақтылықты қалыптастыру, теріс діни идеологиялардың алдын алу және оларға қарсы тұрудың жолдарын түсіндіру болды.

Кездесудің негізгі спикері – «Абдықадыр» мешітінің бас имамы, тәжірибелі дін маманы Дәурен Құттыбаев. Ол өз баяндамасында XXI ғасырда орын алып отырған діни алауыздықтардың пайда болу себептеріне тоқталып, олардың жеке тұлға мен қоғамға тигізетін зиянды тұстарын тереңірек ашып көрсетті. Имам жастарға жалған діни ағымдардың қалай әрекет ететінін, олардан сақтанудың қандай жолдары бар екенін нақты мысалдар арқылы түсіндіріп, дәстүрлі исламның мәні мен маңызын ерекше атап өтті. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде тарап жатқан күмәнді ақпараттарға сенбеу, діни білімді тек сенімді дереккөздерден алу қажеттігін айтты.

Кездесу сұрақ-жауап форматында жалғасын тауып, қатысушылар өздерін мазалаған сауалдарын қойып, тұщымды жауаптар алды. Бұл шара ауыл жастары үшін пайдалы әрі мағыналы өтті. Жастардың діни сауатын арттырып, рухани тәрбиесін жетілдіруге бағытталған кездесу өз мақсатына толықтай жетті.

joomla 3.5