"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Қоғам / "Жарқын болашақ"

"Жарқын болашақ"

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Мойынқұм ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің “Аудан тұрғындары арасында нашақорлықтың және есірткі бизнесін алдын алуға бағытталған кешенді іс-шаралар” мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында Мойынқұм ауданындағы Жастар ресурстық орталығында өткен “Жарқын болашақ” атты жастар арасындағы ой толғау ерекше форматта өтті. Шара мақсаты — жастарды ойлануға, өз болашағын дұрыс жоспарлауға ынталандыру. Ой толғауда психолог Марал Хантөреқызы жүргізді. Ол жастармен ашық пікір алмасып, оларға болашаққа қатысты сауалдар қойып, армандар мен мақсаттарды талқылауға шақырды. Әр қатысушы өз арманына жету жолында кездесетін кедергілер мен оларды жеңу жолдарын айтып, өз көзқарасын ортаға салды.
Кездесу барысында “Есірткіден аулақ өмір”, “Таза сана — сенімді қадам” сияқты ұрандар негізінде шағын топтық талқылаулар жүргізілді. Ой қозғайтын қатысушыларға мотивациялық сұрақтар ұсынылды. Кездесу аудан жастарының өмірге деген көзқарасын кеңейтуге, жауапкершілік сезімін арттыруға және қауіптің алдын алуға бағытталған маңызды қадам болды.
joomla 3.5