Онлайн дәріс өткізілді
Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мен насихаттауға және есірткі бизнесі мен нашақорлықтың алдын алу және жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша мақсатты іс-шаралар өткізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасының “Нашақорлықсыз болашақ” акциясы аясында жастарға арналған онлайн дәріс өткізілді. Дәрістің негізгі мақсаты – қатысушыларды есірткі қолданудың зияны мен салдары туралы хабардар ету, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын түсіндіру және жастардың бойында жауапкершілік сезімін қалыптастыру болды. Онлайн дәріс барысында қатысушыларға презентациялар мен бейнематериалдар арқылы ақпарат беріліп, олардың сұрақтарына жауаптар берілді. Дәріс интерактивті форматта өтіп, жастардың белсенділігі мен қызығушылығын арттырды, тақырып бойынша пікір алмасу ұйымдастырылды. Іс-шараның маңыздылығы – жастарға есірткі мен зиянды әдеттердің қауіптері туралы нақты түсінік қалыптастырып қана қоймай, олардың салауатты өмір салтын ұстануға ынтасын арттыруда, саналы шешім қабылдауға және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеуінде.

03 Маусым 2025
15
25 Қараша 2024