Кинологиялық қызмет орталығына экскурсия
Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мен насихаттауға және есірткі бизнесі мен нашақорлықтың алдын алу және жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша мақсатты іс-шаралар өткізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасының “Нашақорлықсыз болашақ” акциясы аясында оқушылар үшін Кинологиялық қызмет орталығына экскурсия ұйымдастырылды. Оқушылар қызметтік иттердің жұмысымен жақын танысып, олардың есірткі заттарын қалай іздейтінін, бұйрықтарды нақты орындауын және шартты «қылмыскерлерді» ұстау кезіндегі әрекеттерін өз көздерімен көрді.
Экскурсия барысында мамандар қатысушыларға есірткі, соның ішінде синтетикалық заттардың зияны мен оларды қолданудың қауіпті салдары туралы маңызды ақпарат берді. Іс-шара оқушыларда нашақорлыққа қарсы берік иммунитет қалыптастыруға бағытталған. Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Асқар Жұмабековтің айтуынша, «Тікелей қарым-қатынас пен жеке әсерді ештеңе алмастыра алмайды. Қызметтік иттер қылмыстарды ашуда ғана емес, алдын алу ісінде де сенімді серікке айналып отыр». Бұл іс-шара жастардың есірткіге қарсы санасын қалыптастырып қана қоймай, оларға құқық қорғау қызметінің маңызды жұмысымен танысуға және өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға мүмкіндік берді.

04 Маусым 2025
17
25 Қараша 2024