"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Қоғам / «Нашақор 100 себебі»

«Нашақор 100 себебі»

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында “Нашақорлықсыз болашақ” акциясы шеңберінде жастар арасында алдын алу және ақпараттық-түсіндіру бағытындағы іс-шаралар жүйелі түрде өткізілуде. Осы жұмыстардың бірі ретінде «Нашақор 100 себебі» атты акция ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты – жастардың есірткіге деген көзқарасын өзгерту, оларды салауатты өмір салтына баулу және өз болашағына жауапкершілікпен қарауға шақыру болды.

Акция барысында қатысушыларға «неліктен нашақор болмау керек?» деген сұрақ қойылып, әр жас өз ойымен бөлісті. Нәтижесінде есірткіден алшақ болудың жүз түрлі себебі жинақталып, қатысушылар өз қолдарымен плакаттарға жазып, көрнекі түрде ұсынды. Бұл шығармашылық тәсіл жастардың жеке ұстанымын айқындап, бір-біріне ой салуға мүмкіндік берді. Іс-шараның маңыздылығы – жастарды есірткіге қарсы күресте белсенді азаматтық позиция ұстануға, өмір мен денсаулықтың құндылығын түсінуге және қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыруға ынталандыруында.

joomla 3.5