"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Қоғам / Волейболдан турнир өткізілді

Волейболдан турнир өткізілді

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. “Нашақорлықсыз болашақ” акциясы аясында спорт арқылы салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған іс-шаралар өткізіліп келеді. Осы акция шеңберінде Тараз қаласында «Жастар есірткіге қарсы» ұранымен қыздар арасында волейболдан турнир ұйымдастырылды. Халықаралық есірткіге қарсы күрес күніне орай өткен бұл турнирдің басты мақсаты – жастарды спортқа баулып қана қоймай, олардың есірткіге деген көзқарасын айқындап, қоғамға маңызды ой жеткізу болды.

№3 орта мектеп-лицейінің спорт залында өткен жарыс нағыз спорттық тартысқа толы көңіл күймен өрбіді. Қатысушы арулар жеңіс үшін ғана емес, «есірткіге — жоқ!» деп айту үшін алаңға шықты. Олар жоғары деңгейдегі дайындықтары мен командалық бірліктерін көрсете отырып, өз мектептерінің намысын абыроймен қорғады. Турнир нәтижесінде І орынды Тараз қаласындағы №66 мектеп командасы, ІІ орынды №3 орта мектеп-лицейінің командасы, ал ІІІ орынды IQ IT-мектебінің командасы иеленді. Іс-шара салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдеп, спорттың жастарды біріктіріп, ынталандырып, дұрыс өмірлік бағытқа жетелейтін қуатты құрал екенін көрсетті.

joomla 3.5