Постер байқауы
Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мен насихаттауға және есірткі бизнесі мен нашақорлықтың алдын алу және жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша мақсатты іс-шаралар өткізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасының аясында бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылуда. Жоба аясындағы “Нашақорлықсыз болашақ” акциясында «Есірткісіз өмір» және «Нашақорлыққа жол жоқ» тақырыптарындағы постерлер байқауы өткізілді. Байқаудың басты мақсаты – жастарды есірткіден аулақ болуға шақыру, олардың салауатты өмірге деген көзқарасын нығайту және көркем тәсіл арқылы ой-пікірін білдіруге мүмкіндік жасау болды. Қатысушылар өз шығармашылықтарын пайдаланып, салауатты өмір салты мен есірткіге қарсы тұрудың маңыздылығын постерлерге арқау етті.
Байқау жастарға тек өнер мен шығармашылықты көрсетуге емес, сонымен қатар патриоттық және адамгершілік құндылықтарды дәріптеуге де жол ашты. Әр постерде жастар қоғамдағы салауатты өмірді насихаттау арқылы өз ойларын жеткізіп, көрермендерге ой салатын мәнді жұмыстар ұсынылды. Бұл іс-шараның маңыздылығы – жастардың шығармашылық әлеуетін арттырумен қатар, олардың есірткіге қарсы белсенділігін күшейтуге, салауатты өмір салтын насихаттауға және қоғамда саналы ұрпақ қалыптастыруға ықпал етуінде.
17 Маусым 2025
15
25 Қараша 2024