Ашық аспан астында пікірсайыс турнирі
Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде жүзеге асырып жатқан «Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мен насихаттауға және есірткі бизнесі мен нашақорлықтың алдын алу және Жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша мақсатты іс-шаралар өткізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасының “Нашақорлықсыз болашақ” акциясы аясында әртүрлі форматта іс-шаралар ұйымдастырылуда. Акция барысындағы іс-шаралар ашық аспан аясында пікірсайыс турнирінен бастау алды.
Пікірсайыс турнирі ағымдағы жылдың шілде айында өтті. Турнирге облыс орталығындағы жоғары оқу орындары мен колледждердің жас дебатерлері қатысып, “Нашақорлықсыз болашақ – жарқын өмір кепілі” тақырыбында өз көзқарастарын білдірді. Іс-шараның басты мақсаты – жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, нашақорлықтың алдын алу бағытындағы көзқарастарын қалыптастыру және қоғамдағы белсенді азаматтық ұстанымдарын нығайту болды. Турнир барысында дебатерлер өз шешендік қабілеттерін, сыни ойлау және топпен жұмыс істеу дағдыларын көрсетті. Пікірсайыс соңында жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, қатысушылар ұйымдастырушыларға жастарға өз пікірін еркін білдіруге мүмкіндік бергені үшін алғыстарын білдіріп, мұндай турнирлердің жиі өткізілуі жастардың ой-өрісін кеңейтіп, өмірлік ұстанымдарын қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті. Турнир нәтижесінде: 1 орын - Тараз университетінің "Дулати жастары" фракциясы, 2 орын - Тараз университетінің "Кракатау" фракциясы, 3 орын - Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің "Twix" фракциясы иеленді.

18 Маусым 2025
20
25 Қараша 2024