Музейге экскурсия
Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында “Нашақорлықсыз болашақ” акциясы оқушылардың танымдық көкжиегін кеңейтуге және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған түрлі тәрбиелік іс-шараларды да өткізіліп келеді. Осы бағытта мектеп оқушылары үшін музейге экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақты туған жердің тарихы мен мәдени құндылықтарымен таныстыра отырып, олардың бойында патриоттық сезім мен өмірге деген оң көзқарас қалыптастыру болды.
Экскурсия барысында оқушылар музей қорындағы тарихи жәдігерлермен танысып, елдің өткені мен бүгінгісі туралы мол мағлұмат алды. Сондай-ақ, мамандар балалармен әңгімелесу арқылы есірткі мен зиянды әдеттердің болашаққа тигізер кері әсері туралы түсіндіріп, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын атап өтті. Мұндай танымдық шаралар жас ұрпақтың рухани дамуына, отансүйгіштік қасиетін нығайтуға және өз болашағына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеумен қатар, оларды есірткі мен жат қылықтардан алыс болуға үндейді.

19 Маусым 2025
17
25 Қараша 2024