Викториналық сұрақтар
Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асырып жатқан «Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мен насихаттауға және есірткі бизнесі мен нашақорлықтың алдын алу және жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша мақсатты іс-шаралар өткізу» атты мемлекеттік әлеуметтік жобасы шеңберінде “Нашақорлықсыз болашақ” акциясы аясында түрлі іс-шаралар өткізіліп келеді. Осы акцияның аясында жастар арасында викториналық сұрақтар сайысы ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – білімділікті арттыру, ой-өрісті кеңейту, салауатты өмір салтын насихаттау және жастардың шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.
Сайысқа әртүрлі топтардан жастар қатысып, өз білімдерін сынап көрді. Қатысушылардың тапқырлығы мен жылдам ойлау қабілеті талап етілген сұрақтар арқылы тексерілді, ойын барысында қызықты әрі тартысты сәттер көп болды. Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар арнайы дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. Іс-шара соңында ұйымдастырушылар қатысушыларға белсенділіктері мен білімге деген ынталары үшін алғыс білдіріп, мұндай викториналық сайыстардың жастардың ой-өрісін дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және зиянды әдеттерден алшақ болуға септігін тигізетінін атап өтті.

20 Маусым 2025
20
25 Қараша 2024