"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Қоғам / СММ және мобилография бойынша тереңдетілгет сабақ өткізілді

СММ және мобилография бойынша тереңдетілгет сабақ өткізілді

Жамбыл облысы әкімдігінің  мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы “Еркін Пікір” ұйымдастырған мобилография және SMM мамандығы бойынша оқыту жобасы өз жалғасын тапты.
Екінші сессияда жастар SMM стратегияларын тереңдетіп үйреніп, әлеуметтік желілерде контент жоспарлау, аудиторияны талдау және тиімді посттар жасау, сондай-ақ мобильді құрылғылар арқылы креативті бейне материалдар түсіру мен монтаждауды меңгерді.
Қатысушылар практикалық тапсырмалар арқылы тақырыптық бейнероликтер жасап, контентті аудиторияға қызықты әрі тиімді жеткізу жолдарын зерттеді.
Оқыту нәтижесінде шәкірттер өздерінің цифрлық контент жасау қабілеттерін арттырып, медиа сауаттылықтары мен шығармашылық әлеуетін дамытуға мүмкіндік алды.

joomla 3.5