"DIGITAL STARS 2024" байқауы өткізілді
Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы “Еркін Пікір” ұйымдастырған мобилография және SMM мамандарын даярлау жобасы өз қорытындысына жетіп, “Digital Stars 2025” байқауы өткізілді. Байқауға 25 шәкірт қатысып, алған білімдері мен практикалық дағдыларын көрсету мүмкіндігіне ие болды.
Байқаудың мақсаты – жастардың SMM және мобилография саласындағы дағдыларын бағалау, білімдерін практикада қолдануға ынталандыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Қатысушылар алдын ала берілген тақырыптар бойынша креативті видеороликтер немесе контент жобаларын дайындап, өз жұмыстарын қысқа таныстыру арқылы бағаланды.
Жарыс барысында жалпы жүлде қоры 200 000 теңге болды.
Байқау нәтижесінде барлық қатысушылар цифрлық контент жасау, шығармашылық және коммуникациялық дағдыларын жетілдіріп, өз жобаларын тиімді насихаттауды үйренді.
Жалпы, “Digital Stars 2025” байқауы оқыту мен тренингтердің логикалық жалғасы ретінде жастардың кәсіби және шығармашылық дамуына тың серпін берді.
29 Қазан 2024
14
25 Қараша 2024