"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Қоғам / «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкелері

«Бос жұмыс орындары» жәрмеңкелері

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «NEET санатындағы жастарды қолдау жүргізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында түрлі форматтағы іс-шаралар жүзеге асырылуда. Жоба аясында Тараз қаласы бойынша «Мансаптық орталық» филиалымен бірлесе отырып, халықтың көп шоғырланатын орындарында жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту мақсатында «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкелері тұрақты түрде ұйымдастырылды. Аталған жәрмеңкелер М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде, «Анаға тағзым» орталығында, «Korzinka» дүкендер желісінде, «Гранд базар» сауда орталығында, Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде, «Ауыл береке» базарында және «Мансаптық орталық» филиалының алаңында өткізілді. Іс-шаралардың басты мақсаты – NEET санатындағы жастарды және жұмыссыз тұрғындарды еңбек нарығына тарту, тұрақты жұмыс орындарына орналастыруға жәрдемдесу және жастар арасындағы әлеуметтік белсенділікті арттыру болды. Жәрмеңкелер барысында 30-дан астам мекеме мен ұйым тарапынан 1000-нан астам бос жұмыс орны ұсынылды. Іс-шараларға барлығы 800-ге жуық жас қамтылып, 50-ден астам жас тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды. Сонымен қатар, жастар практикасы, алғашқы жұмыс орындары, әлеуметтік және қоғамдық жұмыстарға тарту бағыттары бойынша да түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жәрмеңкелерді ұйымдастыру және өткізу барысында 20 жауапты ерікті жұмылдырылып, олардың жұмысын үйлестіру мен тасымалдау мәселелері жүйелі түрде қамтамасыз етілді. Жалпы алғанда, жоба кезеңі барысында 6000 жұмыссыз жасты жұмыспен қамту шараларымен қамту және әлеуметтік қолдау бойынша жұмыстар жүргізілді. Іс-шаралар нәтижесінде жастардың еңбекке бейімділігі артып, қоғамдағы белсенді өмірлік ұстанымдарын қалыптастыруға мүмкіндік туды.

joomla 3.5