"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Қоғам / Жастармен дөңгелек үстел өтті

Жастармен дөңгелек үстел өтті

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «NEET санатындағы жастарды қолдау жүргізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасының аясында «Жас келсе іске» атты дөңгелек үстел отырысын өткізді. Іс-шараның басты мақсаты – волонтерлік қызметті жетілдіру, жастар бастамаларын қолдау және көшбасшылық қасиеттерді дамыту арқылы жастардың белсенділігін арттыру болды. Қатысушылар тәжірибелі мамандармен бірлесіп волонтерлік жобаларды жоспарлау, қоғамдық бастамаларды жүзеге асыру жолдарын талқылады. Сонымен қатар жастар өз идеяларын ортаға салып, әлеуметтік жобаларды іске асырудағы тиімді әдістерді үйренді. Іс-шара барысында қатысушылар топтық және жеке форматтағы тапсырмалар арқылы көшбасшылық қабілеттерін дамытты, ұйымшылдық пен командалық жұмыс дағдыларын жетілдірді.

 

joomla 3.5