NEET жастар
Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «NEET санатындағы жастарды қолдау жүргізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында волонтерлік қызметтің тиімділігін арттыру, жастар бастамаларын қолдау және көшбасшылық қабілеттерді дамытуға арналған конференция өтті. Іс-шара барысында қатысушылар әлеуметтік жобаларды әзірлеу, идеяларын презентациялау, қоғамдық шараларды ұйымдастыру тәжірибесін зерттеді. Конференцияға студенттер қатысып, олар топтық және жеке тапсырмалар арқылы көшбасшылық дағдыларын жетілдіріп, әлеуметтік жобаларды іске асыру жолдарын талқылады. Сондай-ақ қатысушылар волонтерлік бастамаларды жүзеге асыру барысында кездесетін қиындықтар мен оларды шешу жолдары туралы тәжірибелік ақпарат алды, жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар мен қолдау шаралары туралы толық түсінік берілді.


23 Қазан 2024
14
25 Қараша 2024