«Салауатты өмір салты»
Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Мойынқұм ауданының ішкі саясат бөлімінің «Аудан тұрғындары арасында нашақорлықтың жіне есірткі бизнесін алдын алуға бағытталған кешенді іс-шаралар» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Жоба аясында кезекті іс-шара Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылы, Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектебінде өткізілді. Семинар барысында спикер Берекеева Динара нашақорлықтың болашаққа балта шабатындығын, зиянын жас буынға түсіндірді. Бұл есірткі бизнесінің салдары қайда апарып соқтыратыны, зардабы оқушыларға өмірлік мысалдармен, заңдағы ережелермен кеңінен айтылды. Шара барысында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, еркін пікір алмасуға мүмкіндік алды. Спикер жастардың арасында кездесетін тәуекелді жағдайлардың алдын алу жолдарын түсіндіріп, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығына ерекше тоқталды. Сонымен қатар, кездесу барысында жасөспірімдердің дұрыс таңдау жасауына бағыт беретін түрлі жағдаяттық талдаулар жүргізілді. Оқушылармен бірге әрбір жағдайда қандай әрекет ету керектігі талқыланды.

11 Қыркүйек 2025
16
25 Қараша 2024