"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Қоғам / «Салауатты өмір салты» атты волейбол жарысы

«Салауатты өмір салты» атты волейбол жарысы

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Мойынқұм ауданының ішкі саясат бөлімінің «Аудан тұрғындары арасында нашақорлықтың жіне есірткі бизнесін алдын алуға бағытталған кешенді іс-шаралар» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында “Салауатты өмір салты” волейбол жарысын өткізді. Жарыстың негізгі мақсаты — жастар арасында бұқаралық спортты дамыту, олардың бос уақытын тиімді өткізуіне ықпал ету, дұрыс өмір салтын насихаттау, сондай-ақ нашақорлықтың алдын алу болып табылады. Бұндай шаралар жасөспірімдердің физикалық дамуына ғана емес, жауапкершілік, ұйымшылдық, командалық рух сияқты қасиеттерін қалыптастыруға да үлес қосады. Жарыс барысында қатысушылар спорттық бәсекелестікті сақтай отырып, шынайы достық атмосферасын көрсете білді. Әр команда өз шеберлігін шыңдап, жоғары деңгейдегі ойынды тамашалауға мүмкіндік жасады. Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен жеңімпаз командалар арнайы дипломдармен, медальдармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, ойынға белсенді қатысып, жақсы өнер көрсеткен өзге қатысушылар да назардан тыс қалмай, алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтарына ие болды. Бұл спорттық іс-шара жасөспірімдерге тек жарыс қана емес, салауатты өмір салтын таңдаудың маңыздылығын түсіндіретін тәрбиелік мәні бар тиімді кездесуге айналды. 

joomla 3.5