"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Қоғам / «Нысана шебері» тир ату сайысы

«Нысана шебері» тир ату сайысы

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асырып жатқан «Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мен насихаттауға, есірткі бизнесі мен нашақорлықтың алдын алу және жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша мақсатты іс-шаралар өткізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында түрлі бағыттағы іс-шаралар жалғасын табуда. Жобаның негізгі мақсаты – жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, оларды зиянды әрекеттерден алшақтатып, пайдалы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру. Осы мақсатта тир атудан «Нысана шебері» атты сайыс ұйымдастырылды. Шара жасөспірімдер мен жастардың мергендік дағдыларын шыңдап, назарын шоғырландыру, шыдамдылық пен жауапкершілік секілді қасиеттерді дамытуға бағытталды. Қатысушылар қауіпсіздік ережелерімен толық танысып, кәсіби нұсқаушылардың жетекшілігімен жаттығулар жасап, өз мергендік шеберліктерін сынап көрді. «Нысана шебері» сайысы жоғары деңгейде өткізіліп, қатысушылар арасында қызықты да тартысты атмосфера орнады. Жастар дәлдік, жылдамдық және ұқыптылық сияқты дағдыларын көрсетіп, өз мүмкіндіктерін бағамдауға мүмкіндік алды. Сайыс барысында қатысушылар бір-біріне қолдау көрсетіп, салауатты және қауіпсіз өмір салтын насихаттауға үлес қосты.

 

 

joomla 3.5