«Саулық» атты қан тапсыру акциясы өткізілді
Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін Пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Жамбыл облысы әкімдігінің Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде жүзеге асырылып жатқан, жастар арасында волонтерлік қызметті дамытуға бағытталған жоба аясында әлеуметтік және денсаулық сақтау бағытындағы іс-шараларды жүйелі түрде өткізуде.
Осы аясында «Біргеміз» бағдарламасы бойынша «Саулық» атты қан тапсыру және донорлық қызмет көрсету акциясы ұйымдастырылып, жоғары деңгейде жүзеге асырылды. Акцияның басты мақсаты – қан және донорлық қызмет арқылы өмір сақтауға үлес қосу, жастар арасында қайырымдылық пен еріктілік құндылықтарын насихаттау, сондай-ақ салауатты өмір салтын қолдау болып табылады.
Іс-шара барысында волонтерлер белсенді түрде қатысып, қан тапсырды және донорлық қызметтің қоғам үшін маңыздылығы жөнінде ақпарат алды. Қатысушылардың әрқайсысы өз үлесін қосып, мұқтаж адамдарға өмір сыйлаудың бір жолына айналды.«Саулық» акциясы жастардың әлеуметтік жауапкершілігін арттырып, волонтерліктің қоғамдағы рөлін айқын көрсетті. Мұндай іс-шаралар жастарды қайырымдылыққа баулып, қоғамдағы бірлік пен өзара қолдауды нығайтуға үлес қосады.

14 Тамыз 2025
13
25 Қараша 2024