"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Қоғам / Нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес

Нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында Құлан колледжінде студенттерге арналған нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес жүргізу мақсатында конференция өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында есірткінің зияны мен оның құқықтық салдары туралы жан-жақты түсіндіру, құқықтық сауаттылықты арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау. Конференцияда Жамбыл облыстық нотариаттық палатасының атқарушы директоры, кәсіби заңгер Өмірбеков Данияр студенттермен мазмұнды әрі терең әңгіме өрбітті. Ол өз сөзінде қазіргі қоғамда нашақорлықтың тек медициналық емес, сонымен қатар құқықтық үлкен мәселе екенін ерекше атап өтті. Заңгер есірткі қолданудың, сақтаудың және таратудың ҚР Қылмыстық кодексі бойынша қандай жазаға әкелетінін нақты баптармен түсіндіріп, нақты мысалдар келтірді. Сонымен қатар, жастардың құқықтық сауатын арттыру мақсатында құқықтық кеңес беріліп, «жасөспірім қылмысы», «заң алдындағы жауапкершілік» сияқты тақырыптарда түсініктеме жасалды. Қатысушылар өз құқықтары мен міндеттері, құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары туралы терең мағлұмат алды. Конференцияда студенттер заңгерге ашық сұрақтар қойып, өмірлік нақты жағдайларға байланысты кеңес сұрады. Өмірбеков Данияр жастардың құқықтық сауаттылығы мен жауапкершілігін арттыру – есірткімен күрестегі маңызды құрал екенін ерекше атап өтіп, оларды заңды құрметтеуге, өз болашағына бей-жай қарамауға шақырды.
 
 
 
 
 
 
 
0:30 / 0:30
 
 
 
 
 
 
 
 
Нравится
 
 
 
Комментировать
 
 
Поделиться
 
joomla 3.5