"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Саясат / Тілдік және этникалық белгілері бойынша ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлаудың кез келген нысандарына жол бермеу негізінде, қазақ киносы күндері ұйымдастырылды

Тілдік және этникалық белгілері бойынша ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлаудың кез келген нысандарына жол бермеу негізінде, қазақ киносы күндері ұйымдастырылды

          ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының жобасы аясында Жамбыл облыстық «Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі «Тілдік және этникалық белгілері бойынша ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлаудың кез келген нысандарына жол бермеу» атты жобаны жүзеге асыруда.

          Жобаның мақсаты түрлі этнос өкілдері тығыз шоғырланған қала, ауылдарда кемсітушіліктің кез келген нысандарына жол бермеу, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру және консультация беру жұмыстарын жүргізу және әртүрлі форматтағы іс-шараларды ұйымдастыру.

          2024 жылы Алматы, Түркістан, Жамбыл облыстары мен Алматы Шымкент қалаларында Жамбыл облыстық «Кино орталығымен» бірлесіп, Тілдік және этникалық белгілері бойынша ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлаудың кез келген нысандарына жол бермеу негізінде, қазақ киносы күндері аясында «Анаға апарар жол», «Жау жүрек мың бала» филімдері этонс өкілдері оқитын мектептердің акт залында көрсетілді.

         Жамбыл облысы, Тараз қаласы, №41 А.Пушкин атындағы көпсалалы гимназияның акт залында, Түркістан облысы, Төле би ауданы «Тағайна» жалпы білім беру мектебінің акт залында өтті.

         Өз кезегінде, өткізілген іс-шараның қатысушылар көрсеткіші этнос өкілдерінен тұратын 500 адам қатысты.

joomla 3.5