Кезекті граффити өшіру акциясы
"ҚАБЫРҒА – ЖАРНАМА ЕМЕС!" ГРАФФИТИ ӨШІРУ АКЦИЯСЫ ӨТТІ
Жетісу облысы әкімдігі Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен, Жетісу облысы Полиция департаменті, есірткіге қарсы күрес кеңесі және еріктілердің бірлесуімен Талдықорған қаласында «Қабырға – жарнама емес!» атты ауқымды граффити өшіру акциясы ұйымдастырылды.
⠀
Акция барысында есірткі жарнамасы бар кодтар, сілтемелер мен жазулар анықталып, арнайы бояумен жабылды.
⠀
Олардың орнына жастарға мотивация беретін позитивті ұрандар мен салауатты өмір салтын насихаттайтын жағымды жазбалар қалдырылды.
⠀
Іс-шараға полиция қызметкерлері, кеңес мүшелері және 20-дан астам ерікті жас белсенді қатысты.
⠀
Басты мақсат – қоғамды есірткі жарнамасынан тазарту және жастарға оң үлгі қалыптастыру.
⠀
#ҚабырғаЖарнамаЕмес #JetisuJastary #ЕсірткісізТазаҚоғам #StopDrugs #StreetArtAgainstDrugs


25 Қараша 2025
31
25 Қараша 2024