"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Саясат / Кезекті граффити өшіру акциясы

Кезекті граффити өшіру акциясы

"ҚАБЫРҒА – ЖАРНАМА ЕМЕС!" ГРАФФИТИ ӨШІРУ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Жетісу облысы әкімдігі Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен, Жетісу облысы Полиция департаменті, есірткіге қарсы күрес кеңесі және еріктілердің бірлесуімен Талдықорған қаласында «Қабырға – жарнама емес!» атты ауқымды граффити өшіру акциясы ұйымдастырылды.
⠀
 Акция барысында есірткі жарнамасы бар кодтар, сілтемелер мен жазулар анықталып, арнайы бояумен жабылды.
⠀
 Олардың орнына жастарға мотивация беретін позитивті ұрандар мен салауатты өмір салтын насихаттайтын жағымды жазбалар қалдырылды.
⠀
 Іс-шараға полиция қызметкерлері, кеңес мүшелері және 20-дан астам ерікті жас белсенді қатысты.
⠀
 Басты мақсат – қоғамды есірткі жарнамасынан тазарту және жастарға оң үлгі қалыптастыру.
⠀
 #ҚабырғаЖарнамаЕмес #JetisuJastary #ЕсірткісізТазаҚоғам #StopDrugs #StreetArtAgainstDrugs

 

 

joomla 3.5