Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Мүмкіндігі шектеулі жастардың шығармашылық әләуетін дамыту бағытында іс-шаралар өткізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы шеңберінде Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен және «Асар» оңалту кешенімен бірлесе отырып «Достық үйі» кешенінде «Біздің әлем» атты Мүмкіндігі шектеулі жастардың шығармашылығын дамыту мақсатында сурет көрмесі өткізілді. Мүмкіндігі шектеулі жастар суреттерін үйден салып келді. Жастардың суреттері ілініп, әр бала өз суретін конақтарға таныстырды. Көрме аясында мүмкіндігі шектеулі жастар арасында викториналық сұрақтар жүргізілді. Әр дұрыс жауап берген жастарға естелік сыйлықтар табысталды. Көрмеге 20-ға жуық жастар қатысып, көрмені тамашалады. 
Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Мүмкіндігі шектеулі жастардың шығармашылық әләуетін дамыту бағытында іс-шаралар өткізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы шеңберінде Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен және «Асар» оңалту кешенімен бірлесе отырып «Достық үйі» кешенінде «Бірге үйренеміз» атты Мүмкіндігі шектеулі жастарға шығармашылығын дамыту мақсатында 3 мастер-класс өткізілді. Мастер-класс Сурет салудан, Қол өнерден, Тігін тігуден мүмкіндігі шектеулі жастар арасында жүргізілді. Іс-шараға сурет салуды үйрететін, қол өнерді үйрететін, тігін тігуді үйрететін мастерлар келіп, барлығын мүмкіндігі шектеулі жастарға көрсетті. Мастер-классқа 60-қа жуық жастар қатысты. 
Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен «Ардагерлерді қолдауға бағытталған кешенді іс-шаралар өткізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы шеңберінде «Komek.Demeu.kz» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Т.Рысқұлов ауданында «Текті сөздің төресі-терме» атты терме жарысы өткізілді.
«Ардагерлерді ардақтайық» жобасы асяныда Т.Рысқұлов ауданы ардагерлері Түркістан қаласына туристік сапармен барып қайтты
Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен «Ардагерлерді қолдауға бағытталған кешенді іс-шаралар өткізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы шеңберінде «Komek.Demeu.kz» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Т.Рысқұлов ауданының 85 жылдығына орай Түркістан қаласына экскурсия ұйымдастырылды. Екі күндік экскурсияға Т.Рысқұлов ауданының ардагерлері қатыстырылды. Экскурсияға қатысқан ауданның 50 ардагері екі күнге Құлан ауылынан Түркістан қаласына сапар шегіп, бірнеше тарихи, рухани кешендерді аралап қайтты. Атап айтсақ экскурсияның алғашқы күні ардагерлер Арыстанбаб кесенесіне барып, сол күні кешкі мезгілде кешкі Түркістан қаласына аралап, «Көне қалашық», «этно парк» сынды мәдени кешендерді аралап қайтты. Экскурсияның екінші күні Қожа Ахмет Яссауи кесенесін, «Керуен сарай» сынды мәдени кешендерді аралап қайтты. Экскурсия соңында ардагерлерге естелік суреттермен қоса Түркістан қаласынан арнайы естелік сыйлықтар табыс етілді.
12 тамыз - Халықаралық Жастар күніне орай Қ.Рысқұлбеков саябағында, 12 тамыз күні Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысы бойынша «Жазғы Кубок - 2023» арнайы жобасы өткізілді
7 бірдей мықты команда бақ сынасқан бұл ойында үшінші орын - “Давмир” 80 мың теңгелік сертификат, екінші орын - “Әдеби жігіттер” 100 мың теңгелік сертификат, 1 орын - “Престиж” 150 мың теңгелік сертификат және Үздік ойыншы - “Ою” командасының капитаны Айназ Адамбаева 50 мың теңгелік сертификаттармен марапатталды.
"Жайдарлы" Жастар КВН лигасы ЖҚБ
04 Окт 2023
436