Информационное агентство "Aldaspan-Info"

Главная / Новости

Новости

Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысы бойынша 24 қараша күні Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы М.Өзбеков атындағы мәдениет үйінде - Жайдарман Жамбыл облыстық «Номад» Премьер лигасының финалдық ойыны өткізілді.

Нәтижесінде, маусымның «Үздік ойыншысы» номинациясымен Аказаки командасының ойыншысы Қапышев Темірлан 50 000 теңгелік сертификатпен мараматталды.
Жүлделі 3 орынды Теханғо және Шерхан жастары командалары иеленіп, 100 000 теңгелік сертификат, 2 орынды Метеорит командасы иеленіп, 200 000 теңгелік сертификат және 1 орын Бренд командасы 250 000 теңгелік сертификаттармен марапатталды.

"Жайдарлы" Жастар КВН лигасы ЖҚБ

 

1 қараша күні Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысы бойынша, Баласағұн орталық концерт залында «Мектепаралық лига Маусымашар 2023» ойыны өткізілді.

20-дан аса командада іріктеліп Маусымашар ойынында 11 команда бақ сынады. Нәтижесінде Жүлделі 3 орын - №56 мектеп "Құмшағал жастары” командасына бұйырып, 50 000 теңгелік сертификатпен марапатталды. 2 орынды - “Келешек Тараз” интеллектуалды мектебі иеленіп, 100 000 теңгелік серификатпен марапатталды. 1 орын - №30 мектеп “Салтанаттың жігіттері” командасына бұйырып, 150 000 теңгелік сертификатқа ие болды. Үздік ойыншы - №55 мектеп, Шөлдала командасының ойыншысы Ергешов Нұрпейіс атанды.

 "Жайдарлы" Жастар КВН лигасы ЖҚБ

Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Мүмкіндігі шектеулі жастардың шығармашылық әләуетін дамыту бағытында іс-шаралар өткізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы шеңберінде Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен және «Асар» оңалту кешенімен бірлесе отырып «Асар» оңалту кешенінде «Он саусағым біріксе» атты Мүмкіндігі шектеулі жастарға шығармашылығын дамыту мақсатында қол-өнер байқауы ұйымдастырылды. Қол өнер байқауында Айдина Джакатаева өз білгенін мүмкіндігі шектеулі жастарға көрсетті. Іс-шара барысында мүмкіндігі шектеулі жастар өз қолдарымен шайырдан (смола) әдемі суреттер жасады. Олар үйренгендерін жасап, жастар арасында байқау өткізілді. Байқауға 20-ға жуық мүмкіндігі шектеулі жастар қатысты. 

Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Мүмкіндігі шектеулі жастардың шығармашылық әләуетін дамыту бағытында іс-шаралар өткізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы шеңберінде Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен және «Асар» оңалту кешенімен бірлесе отырып «А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры» кешенінде «Менің әлемім» атты Мүмкіндігі шектеулі жастардың шығармашылығын дамыту мақсатында суретшілер байқауы өткізді. Мүмкіндігі шектеулі жастар суреттерін өз еркімен кез келген тақырыпта салып алып келеді. Байқау аясында мүмкіндігі шектеулі жастардың  суреттері ілініп, сурет көрмесін қала тұрғындары тамашалады. Қала тұрғындары ұнаған суреттеріне стикер арқылы бағасын берді. Осылайша байқау жеңімпазын анықтады. Байқауға 20-ға жуық жастар қатысып, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталып, қатысушылар қосымша сыйлықтарға және алғыс хаттарға ие болды. 

Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Мүмкіндігі шектеулі жастардың шығармашылық әләуетін дамыту бағытында іс-шаралар өткізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы шеңберінде Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен және «Асар» оңалту кешенімен бірлесе отырып «Асар» оңалту кешенінде «Біз біргеміз» атты Мүгедектер күніне арналған акция өткізілді. «Асар» оңалту кешенінде мүмкіндігі шектеулі жастар мен волонтерлар қосылып кішігірім сенбілік өткізілді. Акция барысында мүмкіндігі  шектеулі жастарға және волонтерларға арнап фуршет және би кеші ұйымдастырылды. Акцияға 60-қа жуық мүмкіндігі шектеулі жастармен волонтерлар қатысты. Мүмкіндігі шектеулі жастар ұйымдастырушы тарапқа алғыстарын білдіріп, осы сынды акциякөбейсе көңіл күйлері көтерілетінін жеткізді.