Тілдік және этникалық белгілері бойынша ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлаудың кез келген нысандарына жол бермеу негізінде «Қазақ ертегілері апталығы» өтті
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының жобасы аясында Жамбыл облыстық «Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі «Тілдік және этникалық белгілері бойынша ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлаудың кез келген нысандарына жол бермеу» атты жобаны жүзеге асыруда.
Жобаның мақсаты түрлі этнос өкілдері тығыз шоғырланған қала, ауылдарда кемсітушіліктің кез келген нысандарына жол бермеу, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру және консультация беру жұмыстарын жүргізу және әртүрлі форматтағы іс-шараларды ұйымдастыру.
2024 жылы Жамбыл, Алматы, Түркістан облыстары мен Алматы, Шымкент қалаларында Тілдік және этникалық белгілері бойынша ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлаудың кез келген нысандарына жол бермеу негізінде «Қазақ ертегілері апталығын» өткізу бойынша Жамбыл облысының Масанчи ауылдық округінде (Әл-Фараби атындағы орта мектебі мен Ж.Аймауытов атындағы орта мектебінде 2 қойылым) іс-шара Түркістан облысының Түлкібас ауданы, Майтөбе, Тастұмсық ауылдық округтерінде (М.Лермонтов атындағы орта мектебі мен Ю.Гагарин атындағы орта мектебінде 2 қойылым) іс-шара, Шымкент қаласында №107 мектепте екі іс-шара өтті.
Бұл ретте, «Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін орталығының «Драма» студиясының оқушылары «Ақ лақ» ертегісінің қойылымын қойса, «Құлыншақ пен Бөлтірік» ертегісінің қойылымын М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің «Мәдениет және өнер» кафедрасының студеттері қойды.
Өз кезегінде, өткізілген іс-шаралардың қатысушылар көрсеткіші Маснчи ауылдық округі бойынша өзге ұлт өкілдерінен тұратын 300 оқушы апталыққа қатысты.
Өткізілген іс-шаралар бойынша сауалнама негізінде қанағаттану деңгейі анықталып, көрсеткіш 94,4% көрсетті.