Информационное агентство "Aldaspan-Info"

Главная / Политика / Білім беру және танымдық бағыттағы лагерьлерінде тілдік және этникалық белгілері бойынша ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлаудың кез келген нысандарына қарсы түсіндірме тренинг жұмыстарын жүргізді

Білім беру және танымдық бағыттағы лагерьлерінде тілдік және этникалық белгілері бойынша ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлаудың кез келген нысандарына қарсы түсіндірме тренинг жұмыстарын жүргізді

          ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының жобасы аясында Жамбыл облыстық «Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі «Тілдік және этникалық белгілері бойынша ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлаудың кез келген нысандарына жол бермеу» атты жобаны жүзеге асыруда.

          Жобаның мақсаты түрлі этнос өкілдері тығыз шоғырланған қала, ауылдарда кемсітушіліктің кез келген нысандарына жол бермеу, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру және консультация беру жұмыстарын жүргізу және әртүрлі форматтағы іс-шараларды ұйымдастыру.

         Сондай-ақ, 2024 жылы 16 тамызында Жамбыл облысы, Талас ауданы, «Берікқара» лагерінде білім беру және танымдық бағыттағы лагерьлерінде тілдік және этникалық белгілері бойынша ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлаудың кез келген нысандарына қарсы Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының бөлім меңгерушісі Назым Қожамарованың түсіндірме тренингі өтті. Семинар тренингке 150 адам қатысты.

          2024 жылғы 21 тамызында Алматы қаласының Білім басқармасының Алматы облысы, Қарасай ауданы, Долан ауылы мекен жайында орналасқан, «Өрнек» лагерінде білім беру және танымдық бағыттағы лагерьлерінде тілдік және этникалық белгілері бойынша ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлаудың кез келген нысандарына қарсыМеркі ауданы №33 жалпы орта білім беретін мектебінің психологы ОмарбековаАяла Султанбекқызының түсіндірме тренингі өтті.Бұл ретте, семинар тренингке 90 адам қатысты.

         2024 жылы 30 қыркүйегінде Түркістан облысы, Төле би ауданы «Балдәурен» лагерінде білім беру және танымдық бағыттағы лагерьлерінде тілдік және этникалық белгілері бойынша ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлаудың кез келген нысандарына қарсы түсіндірме тренингі өтті. Бұл ретте, семинар тренингке 30 адам қатысты.

 

 

joomla 3.5