«Ұрпақтар сабақтастығы»
Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен «Ардагерлерді қолдауға бағытталған кешенді іс-шаралар өткізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы шеңберінде «Komek.Demeu.kz» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Т.Рысқұлов ауданының 85 жылдығына және 1 қазан қарттар күніне орай Құлан ауылында «Ұрпақтар сабақтастығы» атты спартакиада ұйымдастырылды. Спартакиада үстел теннисі, дарц, шахмат, дойбы ойындары бойынша өткізілді. Ойындар ерлер және әйелдер бойынша бөлек өткізілді. Спартакиада жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталды.
27 Нояб 2023
363
25 Нояб 2024